Ақпанның 14 күні Абай атындағы КазҰПУ-де белгілі қоғам қайраткері, танымал дәстүрлі әнші, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан студенттермен кездесті. ”Азамат” жастар пікір-сайыс клубының ұйымдастырумен өткен сұхбат еркін әңгіме түрінде өтті. Жиналған оқытушылар мен студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Төменде Бекболат Тілеуханның жауаптарын ұсынып отырмын.
1. Жастардан парламент жасақталайын деп еді ғой, осыған қалай қарайсыз?
Бекболат Тілеухан: Жастар дегеніміз 18-29 жас аралығындағы адамдар. Ал адам баласы 30 жасқа дейінқалыптасады. Әлі қалыптасып болмаған адамды парламентке немесе саясатқа араластырсақ, білімі жетіңкіремесе ол жалтақ болады. Біз үшін ең қауіптісі осы. Күш жігері толастап тұрған кезде оқып, үйреніп білім алу керек.Бұл менің жеке субъективті пікірім.
2. “Болашақ” бағдарламасымен білім алған балаларға деген көзқарасыңыз?
Б.Т: “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелден білім алып келген жастарды, бірден министрлікке отырғызбай, аудан әкімшілігіне жіберу керек. Халықтың тұрмыс тіршілігімен таныссын, ыстықы мен суығын көрсін. Батыстың білімін, тәжірбиесін, елімізге таңа бермей екі жақты саралап қолдануы тиіс. Содан кейін министрлікке көтерілгені жөн.
3.Қазіргі тіліміздің жағдайына көңіліңіз тола ма?
Бекболат Тілеухан: Өте-мөте көңілім толмайды. Қазақ тілінің мәдениетінің, әдебиетінің, дінінің қазақ елінен басқа дамитын жері жоқ. Осыны естен шығармаған жөн.
4.Жастар әр-түрлі секталардың жетегінде кетіп жатыр,сіздің ойыңызша қалай тосқауыл қою керек?
Бекболат Тілеухан: Ислам -ата дініміз. Ислам дінінің мейрімімен жастардың бойындағы рухани вакумды толтыру керек. Сонда ғана жастар өзге секталарға кірмейді. Бүгінгі таңда ислам дәріптеуге мұқтаж.
5. Ұлтшылдық жастарға керек пе?
Бекболат Тілеухан: Ұлтшыл- дегеніміз өзге ұлтты жек көру емес, өз ұлтыңды сүю. Ұлтшыл болмасақ мемлекетіміздің құрып кету қауіпі бар. Кто не подлежит отечеству, тот не подлежит человечеству.
6. Саясатта жүріп өнерден алыстап қалған жоқсыз ба?
Бекболат Тілеухан: Бұрынғыдай етене араласа алмағаныммен, қара домбырамды тастаған емеспін.
7. Жастарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?
Бекболат Тілеухан:Мына заманның қарқыны қатты, ұшқан құспен тең. Қанат қақпасаң құлайсың немесе артта қалып қоясың. Сол себепті ерінбей еңбек етіп, жалықпай білім алыңыздар.
1 Пікір
Ақпан 16, 2008 at 7:32 тд
ultshyldyk pen ultjandylykty shatastyrmau kerek koi, negizi bizge ultshyldyk shynymen de kajet…