Армандарыңыз көп пе? Оларды қалай жүзеге асырсам болады,- деп ойлайсыз ба? Онда мына кеңес сізге арналған. 
Басымнан өткен бір ғана мысалды айтып берейін. Жұмыста жас мамандарға арналған сабақ өтетін. Сондай сабақтың бірінде ұжым басшысы алдыларыңа қойған мақсаттарыңды ақ қағазға жазып қойыңдар , және ол көрнекі жерде тұрсын. Үнемі армандарыңды оқып, соған жетуге талпыныңдар,-деген еді. Басында мен оған онша мән берген жоқпын. Жәй ғана қағазға жазылған нәрсе, қалай орындалады?- дейтінмін. Оны көрген адамдар не ойлайды? Мынау нағыз қиялидің өзі деп, айтатын шығар. Қойшы оны істемей-ақ қойайын деген оймен бір жеті жүрдім. Содан кейін әйтеуір “қолыма ақ қағаз алып жаздым”. Олай істеуіме не әсер еткенін ұмытып қалдым бірақ жасадым. Оны ең бірінші үйдегі құда бала оқыды. Одан кейін де бірнеше адам оқыды. Маған олардың пікірі, не ойлайтыны қызық емес болды. Бірдеңе айтты оған да мән бермедім. Арманымды күнделікті оқып “МЕН СОҒАН ЖЕТЕМІН” деген сеніммен жүрдім. Арада үш ай өткенде мақсатымның алғашқысы орындалды. Шүкір. Сіздер де осыны жасап көрсеңіздер. Сонда Абайдың: “Өзіңе сен өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап,-дегені рас екеніне көз жеткізесіздер. Пайдаларыңызға жарап қалар.
ЕСКЕРТУ: ЖАЗЫП ҚОЙДЫМ ДЕП, ҚОЛ ҚУСЫРЫП ЖҮРЕ БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ. АРМАНҒА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА ЕҢБЕК ЕТУ КЕРЕК.
Шыныменде қызық ой екен, жасап көрмесем