Енді Алматы облысындағы туберкулезбен ауырған балаларға 1 жыл бойы таңғы ас кезінде 20 грамнан бал берілетін болады. Оларға мұндай мүмкіндікті «Бөбек» қоры туғызып отыр. Үш жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан акция «Балаларды балмен қамту» деп аталды. Биыл аталмыш қор республикадағы науқастанған балалардың денсаулығын жақсарту үшін 10 тонна бал берді. Оның 1тонна 8 кг-мы алматы облысындағы туберкулезге қарсы диспансерлерге бөлінді.
Талдықорғандағы туберкулезге қарсы диспансерде 20-ға жуық бала ем қабылдауда. Олар бұл мекемеде жарты жылдай уақыт тұрады. 6 уақыт тегін тамақтанып, денсаулықтарын түзейді. Сабақтарын да осында оқиды. Дәрігерлердің айтуынша, мұндағы бүлдіршіндердің туберкулезден түбегейлі айығуына ара балының тигізер пайдасы зор. Құрамы күрделі, әсері мол дәрілердің тез сіңуін қамтамассыз етеді. Имунитетті де күшейтеді. Бұл орайда қымыз бен шұбаттың да ем болатынын айта кеткен жөн. Жылпы осы жылы Талдықорғандағы тубуркулезге қарсы диспансерге 288 кг бал ”Бөбек” қорынан тегін берілді.