150 Жылқы, 300 бас ірі қара 2 мыңға жуық ұсақ мал сойылды

   

Балқаш ауданы Алматы облысындағы төрт-түліктің өсіп-өнуіне ең қолайлы өлкелердің бірі. Бүгінде ауданда 800-ден астам шаруа қожалықтары  жұмыс істейді. Солардың бірі  «Мұра» шаруа қожалығы.  1997 жылы құрылған шаруашылық  биылғы жылы мал тұқымын асылдандыруды  көздеп  отыр. 

 

 

  «Мұра» шаруа қожалығы негізінен төрт-түліктің қазақы түрлерін -өсірумен айналысады. Онда  40-тан астам  Жабы жылқысы,  150-ге жуық Еділбай қойы бар.  Ал Зеңгі бабадан  қазақтың ақбас сиырлармен «санда-кер труда» тұқымдарын бағады. Бұлар етті бағыттағы сиырлар. Сондықтан малшылар, өз  еңбектерінің  өтемін де осы ірі қаралардан шығарады.  Мәселен,  ақбас  сиырының   4 жасары, 200 келіге   жуық таза ет береді.  Ата кәсібіміз өзін-өзі толықтай ақтайды. Шөпті сатып  аламыз. Сенокасилка, техника бар шауып та аламыз,-дейді «Мұра» шаруа қожалығының   басшыларының бірі Әскербек Құлбаев.

 Биылғы қаңтардың қытымыр аязы шаруалар үшін қолайсыздау болған.   Дегенмен де малшылар бірлі жарым  шығын    болмаса,  қыстан мал басын аман шығарғандықтарын айтады. Ендігі қам-қарекеттің барлығы да төрт-түлікті төлдетуге  бағытталып отыр. Өйткені қазіргі уақыт  қой, ешкі сынды уақ малдар төлдейтін кезеңі.  

Шаруалар құрт, ірімшік сынды ауылшаруашылық өнімдерін Талдықорған, Қапшағай, Алматы  қалаларында өткен жәрмеңкелерде өткізеді. Көбіне жылқы, сиыр  еттерін апаруды дағдыға  айналдырған. Тек өткен жылдың өзінде ғана Желтораңғы ауылдық округінен 150-дей жылқы, 300 бас ірі қара, және 2 мыңға жуық ұсақ мал сатылды.

This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s