Шамамен жарты сағаттан кейін Желтораңғы ауылдық округіне жеттік. Бұл ауылда мемлекет және қоғам Д. А. Қонаев дүниеге келген. Келесі жылы Димаш Ахметұлының 100 жылдық (торқалы тойы) мерейтойы.
Мерейтойға дайындық, Желтораңғы ауылында былтыр басталған. Ауылға абаттандыру жұмыстары жасалынып, екі көшеге тас жол төселінген. Ал, барлық мемлекеттік мекемелерде Дінмұхаммед Қонаевтің 100 жылдығына 100 мәдени шара өткізілуде.
ӘЛИЯ АУҒАНБАЕВА Д. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Бүгінігі таңда Қонаев атамыздың 100 жылдығын қарсы алу мақсатында өткізіп отырған шаралардың бірі үздік сабақ байқауы. Байқауада ұстаз балаларды оқыту үрдісіне, Қонаев атамыздың өмірін, қызметін тиімді пайдалануда.
Желтораңғы орта мектебіне екі мыңыншы жылы Дінмұхаммед Қонаевтің есімі берілген. Содан бері білім шаңырағында мемлекет қайраткерінің өмірінен мағлұмат беретін заттар жинақталып келеді.
Димаш Ахметұлы жоғарғы кеңестің 7 шақырылымындағы сайлауға осы ауданнан түскен. Сол кездердегі колхоз, совхоздардың жұмысымен таынсқан сәттері фото тілшілердің объективінен тыс қалмапты. Мұражайдың негізгін құраған да сол суреттер. Қазіргі таңда мұнда 300-ге жуық сурет пен көне жәдігер бар. Мұндағы басты құндылықтардың бірі, Дінмұхамед Ахметұлының диванда отырған портреті. Майлы бояумен салынған туынды Малай елінен әкелінген. Сондай-ақ, мұражайда дара тұлғаның ұзақ жылдар бойы қолданған велотренажері, көзілдірігі, киген шапаны да сол қалпында сақталған. Мерейтой алдында бұл мектеп те жаңа келбетке ие болмақ. Оның күрделі жөндеу жұмыстарына 30 млн теңге бөлінген. Одан бөлек 10 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Оған білім ордасының сыртқы қоршауы ауыстырылады. Сонымен қатар аудан орталығы Бақанастан Желтораңғы ауылына дейінгі тас жол да жөндеуден өтетін көрінеді.
